Аймақтар • 27 Мамыр, 2024

Қостанайда 12 млн теңге жымқырған шенділер сотталды

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда дизель отынына және теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражатты талан-таражға салған ҚТЖ-ның лауазымды қызметкерлері сотталды, деп жазады Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Қостанайда 12 млн теңге жымқырған шенділер сотталды

Фото: Антикор

Олар жалпы көлемі 12 млн теңгеге залал келтірген.

Бейімбет Майлин ауданының соты «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А.Махмутовқа, оның орынбасары Ж.Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлына және «Қазақстан-ОЭК» СҮ» ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К.Елюсиновқа қатысты үкімін жариялады.

Махмұтов, Сырманов, Елюсинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылса, Серікұлы 3 жылға бас бостандығынан шектелді.

Сондай-ақ айыпталушылар өмір бойы мемлекеттік жұмыста қызмет атқару құқығынан айырылады.