Аймақтар • 30 Мамыр, 2024

Алмалыда өр суын Жайыққа қайта қосу жүргізіліп жатыр

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта жайылма суын Жайыққа кедергісіз қосу үшін уақытша салынған айналма жолды жыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алмалыда өр суын Жайыққа қайта қосу жүргізіліп жатыр

Фото: Видеоскрин

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәліметінше қаладағы Алмалы ауылдық округіне қарасты 8 шаруашылықты округ орталығымен байланыстыратын жолды су шайып, шаруаларға қиындық келтірген болатын. Алмалыда жайылмаға шыққан өр суын Жайыққа қайта қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Атырау ТЖ

Жайық өзені аталған ауылды үш жағынан қоршаған еді. Бүгінде округке жауапты мекеме мен 50-ден астам сарбаз кезекшілік атқарады. Жалпы өзен бойындағы 17 елді мекеннің барлығында жауапты мекемелер белгіленген.

«Негізінен жаға бекіту жұмыстары толығымен аяқталды. Қоршау сенімді, ауылға қауіп жоқ. Жайықтан шыққан жайылма су ауылдың айналасына таралды. Сондықтан жайылма суды Жайыққа қайта жіберу үшін бөгеттерді жырып жатырмыз», деді нөмірі 16-20 учаскелерінің координаторы Нұржауған Төлеуова.

Тасқын кезінде Жайық өзені 113 учаскеге бөлініп, судан қорғану жұмыстары жүргізілді. Әлі де 24 гидробекетте судың деңгейі бақылауда тұр. Сәуір-мамыр айларында облыстың су басу қаупі жоғары елді мекендерді қоршап биіктігі 8-11 метр болатын 523 шақырым бөгет соғылды.

Алмалы ауылы айналасына 8,6 шақырым бөгет соғылды, су деңгейі үнемі бақыланып, кезекшілер тәулік бойы жағалаудың басы-қасында жүр.