Фото: Orda.kz
«Біз барлық жабайы жануарларды зерттейміз, бірақ олардың санын реттемейміз. Демек, бұл (диқандар киіктерден келген шығынды өтеу үшін шамамен 100 миллиард теңге сұрады деген ақпарат – редактордың ескертпесі //www.uralskweek.kz/kz/) шындыққа жанаспайды. Біз шығынды өтеу үшін ақша сұрамаймыз. Бізде зиянды өтеу әдістемесі әзірленбеген. Зиянды өтеуден бұрын фермер өз қаражатының бір бөлігін жұмсауы керек. Біздің бөкен жағдайында бұл – жайылым. Фермер ешқандай шығын шығарған жоқ, ақбөкендер жегенге дейін және кейін шөптің қанша центнерге жеткенін анықтау мүмкін емес», деді вице-министр.
Ол киіктерді атуға рұқсатты Ауыл шаруашылығы министрлігі емес, Экология министрлігі бергенін түсіндірді. Ал оның бөлімшесі шаруаларға бір теңге де өтемақы төлемеген.