Сауда • 01 Маусым, 2024

Сауда рәсімдері оңтайланады

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 мамырда Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында кедендік реттеу, салық және дәрілік препараттар саласындағы бірқатар рәсім бойынша шешімдер қабылданды. Қазақстандық делега­­­ция­ны Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарып барды.

Сауда рәсімдері оңтайланады

Фото: gov.kz

2029 жылға фильтрлі теме­кіге акциздердің бірыңғай индикативтік мөлшерлемесінің мөлшері акциздердің нақты ставкаларынан 20%-дан аспайтын (36 еуродан 54 еуроға дейін, шамамен 17 мың теңгеден 25 мыңнан астам теңгеге дейін) ауытқу диапазонымен 1 мың данасы үшін 45 еуро (21 мың теңгеден астам) мөлшерінде бекітілді. Бұған дейін 2019 жылы қабылданған 2024 жылға арналған темекіге акциздердің индикативтік мөлшерлемесі 35 еуроны (16 мың теңгеден астам) құраған.

Бұл индикатив темекіге акциз мөлшерлемесін жос­парлайтын Еуразиялық эко­номикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің мемлекеттік органдары мен темекі өнімдерін өндірушілер үшін бағдар болып есептеледі. Сондай-ақ ЕЭК кеңесінің шешімімен Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау ережесіне өзгерістер енгі­зілді. Ол сараптамалық жұмыстарды жүргізу және дәрілік препараттардың құжат­тамасын тіркеу бағалау кезінде әкімшілік рәсімдерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Ресми халықаралық спорттық іс-шараларды өткі­­зуге арналған спорттық заттар мен жабдықтарды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу ерекшеліктері айқындалды. Бұл тауарларға оларды әкелу және әкету кезiнде жеңiлдiктi шарттармен арнайы кедендiк рәсiм қолданылатын болады. Бұл ұйымдастырушылар мен спорттық іс-шараларға қатысушылар үшін әкімшілік кедергілер мен шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.