Президент • 03 Маусым, 2024

ҰҚШҰ елдерімен арадағы сауда-саттық қарқынды өсіп келеді - Президент

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдерімен арадағы сауда-саттықтың қарқынды өсіп келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

ҰҚШҰ елдерімен арадағы сауда-саттық қарқынды өсіп келеді - Президент

Фото: akorda.kz

«Былтыр Қазақстан мен Ресейдің сауда көлемі 26 миллиард долларға жетті. Ал Қырғызстанмен арадағы сауда айналымы 1 миллиард 571 миллион долларды, Тәжікстанмен 1 миллиард 130 миллион долларды, Беларусьпен 912 миллион долларды құрады», деді Президент.

Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысы Ұйымға мүше әр елдің мүддесін ескере отырып, мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын ілгерілетуге және өзара үйлестіруге елеулі үлес қосатынын атап өтті. Сондай-ақ Кеңес қабылдайтын құжаттар ҰҚШҰ-ны одан әрі дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Кездесу барысында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы – Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володин, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы өкілдері Палатасының Төрағасы Игорь Сергеенко, Тәжікстан Республикасының Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомали сөз сөйледі.