Сенат • 03 Маусым, 2024

Сенаторлар медициналық бұйымдар шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «EiraMed» ЖШС медициналық бұйымдар шығаратын фармацевтика кешенінде болды. Кездесуге қатысушылар фармацевтика саласын дамыту келешегін талқылады, деп жазады Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар медициналық бұйымдар шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Компания өкілі қан құю ісіне арналған медициналық бұйымдарды өндіруге маманданған кәсіпорынның қызметі туралы депутаттарға айтып берді. Бұл кешен тромбоциттер мен плазмаларды автоматты түрде жинауға арналған жиынтықты, патогендер мен лейкоциттерді вируспен үдетуге арналған жүйені, донор қанын дайындау мен оны бөлшектерге бөлуге арналған контейнерді шығарады.

Парламентшілер сапар барысында фармацевтика саласын одан әрі дамытудың маңыздылығы мен отандық өндірушілердің халықаралық нарықтағы ұстанымын нығайту үшін мемлекеттік қолдаудың қажеттігін атап өтті. Инфрақұрылымды жақсарту және ғылыми-зерттеу базасын нығайту мәселесіне ерекше назар аударылды.

Сенаторлар сапар соңында сақтау және логистика жағдайымен, өнімнің сапасын бақылау және қадағалау барысымен, сондай-ақ жабдықтар мен өнімді тестілеу кезеңдерімен танысты.

Депутаттардың сапары «Фармацевтика саласының жағдайы мен даму келешегі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізуге дайындық аясында жүзеге асты.