![Астанада түнде қатынайтын қоғамдық автобустар іске қосылады](/media/2024/06/04/crop-2_0_290x465_bf25fe4d-33bb-46cb-af74-4529ba16302c.jpg)
Фото: CTS
Жаз мезгілінде елордада қатынау оңай әрі қолжетімді болу үшін компания түнгі автобус бағдарларын іске қосады.
Осы мақсатта № 201, 202, 203 автобустар сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Түнгі бағдарлар қаланың негізгі аудандарын қамтып, негізгі көлік хабтарын байланыстырады.
Бағдарлардың қозғалыс сызбасы, жүру кестесі туралы толық ақпарат таяу уақытта жарияланады.