Фото: Алматы қаласы ПД
Көші-қон талаптарын орындамаған шетелдіктер «Заңсыз» республикалық жедел-алдын алу шарасы барысында ұсталды.
«Тексеру кезінде тоғыз шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттары болмады. Олар ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды. Әрбір құқық бұзушының жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.