Спорт • 07 Маусым, 2024

Еркін күрестен рейтингілік турнир: Балуандарымыз үш жүлде жеңіп алды

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Будапешт (Венгрия) қаласында өтіп жатқан еркін күрестен рейтингілік турнирде Қазақстан спортшылары үш жүлде алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еркін күрестен рейтингілік турнир: Балуандарымыз үш жүлде жеңіп алды

Фото: Olympic.kz

Балуандарымыз 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды:

Чемпион атанған: Әлішер Ерғали (97 келі).

Күміс жүлдегер: Юсуп Батырмырзаев (125 келі).

Қола медаль: Ризабек Айтмұқан (97 келі).

Бүгін еркін күрестен бозкілемге Азамат Дәулетбеков (86 келі) шығады.