Фото: wikipedia.org
Баланы іздеуге 500-ге жуық адам тартылды, оның ішінде полиция қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ қызметтік иттер және 40 бірлік техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы, ұшу аппараттары пайдаланды. Сонымен қатар үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар, дала, оның ішінде орман алқаптары тексерілді.
«Полиция тергеу жүргізіп, қажетті сараптамалар тағайындады. Полиция департаменті туыстары мен жақындарына көңіл айтады», делінген ІІМ хабарламасында.