Спорт • 10 Маусым, 2024

Астаналық велошабандоз Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында өтіп жатқан тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында Астана қаласының велошабандозы күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астаналық велошабандоз Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Фото: Астана әкімдігі

Астаналық Дмитрий Груздев ерлер арасындағы жекелей сында мәреге 50:20 секундта жетіп, екінші орынға ие болды.

«Азия чемпионатына дайындығым жақсы өтті. Осы аралықта жаттығу жиындарынан өттік. Жеңіс маңдай термен келді, көп еңбектендік, жаттықтық, еңбек өз нәтижесін берді», деді Дмитрий Груздев.

Айта кетсек, жарыстың алғашқы күнінде ұлттық құрама аралас командалық эстафетаны алтынмен бастаған болатын. Құрама сапында Астана қаласының спортшысы Дмитрий Груздев өнер көрсетті. Қазақстан велошабандоздары 40 км жолды 51 минут 08 секундта бағындырды.

12 маусымға дейін жалғасатын сары құрлық бәсекесіне 30 елден 450-ге жуық қатысушы жиналды.