Қазақстан • 11 Маусым, 2024

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында кептеліс пайда болды

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Өзбекстанмен шекарадағы кей өткізу бекеттерінде жөндеу, жолды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осыған байланысты шекарада көлік кептелесі пайда болды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында кептеліс пайда болды

Фото: Almaty.tv

«Жібек жолы» өткізу пунктіне іргелес аумақтағы «Гишт Куприк» бақылау-өткізу бекетінде құрылыс және жол төсемін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Қазақстандағы «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» шекара өткелдерінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал «Қапланбек» бақылау өткізу пункті жөндеу мақсатында жабылды.

«Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері шаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өз маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.