Жиында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 мамырдағы №432 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспары» талқыланды.
Бүгінгі күні әскери қызметшілер арасындағы ойынқұмарлықтың алдын алу өзекті мәселелердің бірі. Профилактикалық іс-шаралардың барлық түрлерін қолдану, жеке құрам арасындағы түсіндірме жұмысын жүргізу, бейнероликтер көрсету арқылы ойынқұмарлық салдарынан жасалатын қылмыстардың, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу арқылы олардың санын төмендету мақсаты қойылды.
Әскери қызметшілер арасында ойынқұмарлықтың ықпалымен жасалатын құқық бұзушылықтардың санын азайту, жеке құрам арасында барынша насихаттау-ақпараттандыру жұмысын жүргізу басты назарға алынды.
Ойынқұмарлықтың алдын алу арқылы әскери қызметшілерді әлеметтік оңалту үдерісіне үлес қосу жұмысына назар салу. «Сенім телефондарының» жұмысы арқылы профилактикалық іс-шараларды толыққанды жүргізу.
Отырыс соңында төрағалық етуші полковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының жеке құрамына аталған шаралар арқылы кешенді жоспардың талаптарын жеткізу және олармен жұмыс істеуді бақылауды тапсырды.