Шаруашылық • 12 Маусым, 2024

Жаңа мүмкіндіктер кезеңі

123 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елдің ең ірі астықты өңірлерінің бірі – Солтүстік Қазақстан облы­сына көктемгі егіс жұмысының барысымен танысуға Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс ­сапарымен келді. Министр сапарын облыс әкімі Ғауез Нұрмұха­метовпен бірге Ғ.Мүсірепов ауданының астықты алқаптарын көруден бастады.

Жаңа мүмкіндіктер кезеңі

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Мұндағы «Нұрсен Агро»,­­­ «По­лу­ден­ский» ЖШС-ла­ры­ның егіс­ алқабымен таныс­қан министр ауа райының қолай­сыздығына қара­май егіс жұмыс­та­рының өз уа­қы­тында жүргізіліп жатқанын көрді.

«Көктемнің бір күні – жылға азық» дегенді халқымыз бекер айтпаған, әрбір жайлы күнді барын­ша тиімді пайдаланып қа­луға тырысыңыздар. Қазір бүкіл ел Мемлекет басшысымен бір­ге сіздерге қарап, сіздердің жұмыс­та­ры­ңыздың сәтті болуын­ тілеп отыр», деді ол диқан­дармен кездескенде. Облыс басшысы ауыл шаруашылығы құрылымдарының кешегі тасқын суына қарсы күресте көп көмек жасағанын еске алып, еңбектеріне жеміс тілейтінін айтты.

«Облыстағы «Зенченко и К», «Но­ғайбай» ЖШС сияқты озық шаруа­шылықтардың қатарында сіз­дің шаруашылықтарыңыз да өзінің қол­дан келген кө­ме­гін көрсетті. Бар­лығы 360 агроқұрылым су апатымен күресте көмегін жасады», деді.

Министр ешкі өсірумен айналысатын Светлана Карабанованың фермасында да болып, ешкі сүтінен бірнеше түрлі өнім алып, нарыққа шығарып отырған іскер әйелдің тәжірибесімен танысты.

«Ешкі сүті – ең таза өнімнің бірі. Оның емдік қа­сие­ті де күшті. Қой бастаған ешкі­­лер шөп­тің нәрлісін, жемнің дәм­дісін ал­ды­мен жейді», дейді С.Кара­ба­нова.

Облыс әкімдігінде өткен жиын­да Мемлекет басшысының тапсыр­масына сәйкес ауыл шаруа­шы­лы­ғы жалпы өнімінің көлемін 2 есе ұлғайту, қайта өңдеу өнім­де­рі­нің­ үлесін 70%-ға жеткізу мәсе­лелері тал­қы­ланды.

«Бұл міндеттерді орындау үшін министрлік жол картасын әзір­­леп, көрсеткіштерді белгіледі. Мем­лекет егіс науқанын оңтайлы мер­зімде ұйымдастыру және оны сәтті аяқтау үшін барлық қажетті шара­ны қабылдады. Биылғы көк­тем­гі егіс және орақ науқанына ал­­ғаш рет 5% жеңілдікпен 400 млрд теңге көлемінде қосымша қа­ра­жат бөлінді. «Несиелер «Кең да­ла-2» бағдарламасы бойын­ша­ бөлініп, «Аграрлық несие кор­­по­рациясы» АҚ филиалдары, несие серіктестіктері және екін­ші дең­гей­лі банктер арқылы жүзе­ге­ асы­­ры­­лады», деді Айдарбек ­Сей­піл­­ұлы.

Бұрынғы қаржыландыру көле­міне «Кең дала-2» бағдар­ла­масы бойынша қосымша 400 млрд теңге тарту мүмкіндігі бар екен. Бұл мақсатқа «Бәй­терек» ҰБХ» АҚ желісі бойынша 300 млрд теңге тартылатын көрінеді. Қалған қаражат көздері де табылған. «Кең дала-2» бағдарламасына өтініштер 29 сәуірден бастап қабылданып жатыр. Бүгінде 600-ден астам шаруа қожалығы жалпы сомасы 46,6 млрд теңгеге өтінім қалдырды, бұл 425 мың гектар егіс алқабын несиемен қамтуға мүмкіндік береді», деді министр.

Айтуына қарағанда, жеңілде­тіл­ген несиенің қосымша көле­мін қамтамасыз ету үшін қол­да­ныс­тағы субсидияландыру теті­гіне өз­ге­рістер енгізілген. Тарата айтар болсақ, біріншіден, шаруалар енді өсімі 5% ғана болатын жеңілдетіл­­ген несиені пайыздық мөлшерлемесін субсидициялайтын қаражатсыз-ақ алуына болады. Демек бұрын шаруа алатын несиесінің өсім пайызын субсидиялайтын болса, енді ондай жүктеме болмайды. Екіншіден, қарызды кепілдендіретін жағдайды жақ­сар­ту үшін қарыз сомасының шартын 85%-ға кепілдендіретін тетік қарастырылған.

 

Солтүстік Қазақстан облысы