Спорт • 12 Маусым, 2024

Кирилл Герасименко осымен үшінші рет Олимпиадаға барады

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстел теннисінен Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Кирилл Герасименко Париж Олимпиадаcына лицензия алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кирилл Герасименко осымен үшінші рет Олимпиадаға барады

Фото: Turizm jane sport ministrligi

Туризм және спорт министрлігі атап өткендей ол бұл мүмкіндікке көптеген рейтингтік жарысқа қатысып, тұрақты ұпай жинау арқылы қол жеткізді. Бүгін Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңарған рейтингінде (ITTF) ол Азия құрлығында жолдамасы жоқ ойыншылар арасында ең жоғарғы орынға жайғасты.

Айта кетсек, Кирилл Герасименко осымен 3-рет Олимпиадада сынға түседі. Осыған дейін Рио және Токиода ел намысын қорғаған.

Парижде спорттың аталған түрінен жарыс 27 шілде – 10 тамыз аралығында өтеді.