Білім • 13 Маусым, 2024

Педагогикалық шеберлігін шыңдайды

129 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Еуропалық одақтың жобасы отандық Педагогикалық шеберлік орталығына сеніп тапсырылды.

Педагогикалық шеберлігін шыңдайды

Душанбеде Педагогикалық ше­бер­лік орта­лығының Тәжікстанның ұлттық білім беру жүйесін ілгерілету бойын­ша ауқымды жобасы аяқталды. Еуропалық одақ бұл маңызды жұмыс­ты елімізге сеніп тапсырған еді. Тәжік педагогтері алғаш рет  2025 жылы елдік және жеке емтихан ретінде қабылдайтын PISA жаһандық зерттеуіне қатысуды жоспарлап отыр. Сол себепті де Тәжікстанда мектептерді түбегейлі өзгерту және педагогтерді кәсіби дамыту бойынша жүйелі жұмыс басталған-тұғын.

–  Біз әлемдік білім беру кеңістігіне енуге дайынбыз әрі жаңа стандарттарға ұмтыламыз. PISA-ға қатысу туралы стратегиялық шешім барлық мұғалім­ге үлкен жаңалық әрі демеу болды, –  деп құттықтады Тәжікстанның Білім және ғылым министрі Рахимджон Саидзода.

Бірінші болып оқуды республика­лық, облыстық мұғалімдердің білік­тілігін арттыру институттарының топ-менеджерлері бастады. Сонымен қа­тар әр өңірден өкілдер келіп, барлық аймақ­тағы мектеп қауымдастықтарына өз тәжі­рибелерімен бөлісті.

– Тәжікстан кәсібилікке Қазақстан­дағы­ әріптестері­мен бірге қадам бас­ты, табысты ынтымақтастық біздің мұғалімдердің кәсіби өсуінің жаңа ке­зеңін белгілейді, – деді білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру рес­публикалық институтының директоры Навруз Мирзозода.

Сұранысқа ие бағдарламалар жа­һан­дық педагогикалық трендтер кон­текстіндегі стратегиялық маңы­зы бар ең сәтті шешімдерді қам­тыды. Оқытушылардың мета-пән­дік құ­зыреттіліктерін кеңейту және оқу­шылардың функционалдық сауат­тылығын дамыту сияқты өзекті тақы­рыптар ерекше қызығушылық тудырды. Раушан Әбішева мен Талғат Мукутов Душанбеге бірінші болып ұшып келіп, Еуропалық одақтың жаңа бағдарламасында  алғаш жұмыс істей бастады. Елімізден барған мамандар­дың әрқайсысы білім беруді жаңа деңгей­ге көтерудің жауапкершілігін сезініп, ынта-шынтасымен кірісті.  Тәжік білімінің топ-менеджерлеріне арналған ар­найы сессияда Педагогикалық шебер­лік орталығының директоры Жан­бо­та Кабдыкаримова кез келген жо­ба­­ның табысты болуы үшін міндет­ті – стра­тегиялық жоспарлау, көшбасшы­­лық стандарттар, команда құру, қолдан­балы шешімдер және басқа да басым­дық­тарды талдады. Маусым жобасы Тәжікстанның Еуропалық одақтың білім беру бағдарламаларын кеңейтуге мүд­делі екенін, ел ұлттық білім беру жүйе­сінде үлкен мақсатқа  дайындалып жатқанын растады.

– Халықаралық сертификат алу жо­баның әрбір қатысушысы үшін және республикамыздың барлық педагогтері үшін маңызды оқиға болды, жаңа оқу жылынан бастап біз барлық мектеп пен уәлаятта қазақстандық стандарттарды енгізуді бастаймыз. Орталықтың ACQUIN Еуропалық аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институтының институционалды аккредитациясын, бірнеше бағдарламалық сертификатын алғанын мақтан тұтамыз, –  деп лебізін білдірді елордалық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының директоры Шавкат Каримзода.

Шілде-тамыз айларында Педагоги­к­алық ше­берлік орталығымен бірге 1200-ден астам душан­белік мұғалімдер оқыту бойынша жаңа жобаны бас­тайды. Астанадан функционалдық сауат­тылықтың әртүрлі түрлерін – оқу, ма­тематикалық, жаратылыстану-ғылы­ми, қаржылық, сондай-ақ жаһан­дық құзыреттілік пен креативті ойлау­ды да­мытуға маманданған үздік тре­нер­лер­дің үлкен педагогикалық тобы бармақ.

Еске сала кетейік, Педагогикалық шеберлік орталығы еліміздің зияткер­лік технологияларды әлемдік білімге жүйелі таратуды жалғастырып жа­тыр. Орталықта Әзербайжан, Түрікмен­стан, Қырғыз Республикасы, Өзбек­стан, Ханты-Мансы автономиялық ок­ругі, Армения мұға­лімдері оқыды, со­нымен қатар 2024 жылы Малави­дегі «Nalikule College of Education» (Африка)  педагогика­лық колледжінің мұғалімдерін оқыту жүйесі бар.