Жапония ұйымдарының 30 жылдық ынтымақтастығын қорытындылау, ынтымақтастықтың алдағы уақыттағы келешегі мен бағыттарын талқылау мақсатындағы семинарға Жапонияның Атом энергиясы Агенттігінің Президенті «Когучи», «Marubeni Utility Services», «Toshiba Energy Systems & Solutions Corporation», «Japan Atomic Power company», «Toyo Tanso Co.Ltd» және т.б. ұйымдарының басшылары мен мамандары қатысты.
Орталықтың баспасөз қызметі хабарлауынша, 90-жылдардың орта шенінен бастап Ұлттық ядролық орталықтың базасында Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігімен бірлесіп, натрий салқындатқышы бар шапшаң нейтрондардағы перспективалық ядролық реактордың ауыр апатымен бірге жүретін үдерістерді зерттеу бойынша реакторлық және реактордан тыс эксперименттердің EAGLE жобасы жүргізілді. Балқу заңдылықтары, реактордың актив аймағы балқымасының бақыланатын қозғалысы, оның құрылымдық материалдар элементтерімен және салқындатқышпен өзара әрекеттесуі зерттелді.
Азия елдеріндегі ядролық кооперация форумы аясындағы жобаларды ілгерілету бойынша жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр, ол жапондық әріптестердің бастамасымен және қолдауымен ұйымдастырылған тәжірибе алмасуға, ядролық технологияларды бірлесіп дамытуға арналған жылдар бойы жұмыс істейтін пәрменді алаңдардың бірі.
Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Ерлан Батырбеков: «Бүгінгі таңда біз жапондықтармен бірге атом энергиясының артықшылықтарын пайдалану мақсатында бірлескен зерттеулерді талқылаудамыз. Жапонияда жобаланған натрий салқындатқышы бар шапшаң нейтрондардағы төртінші буын реакторының қауіпсіздігін зерттеуге арналған жаңа реакторлық және реактордан тыс эксперименттер жүргізілмек», дейді.
Осыған дейін реакторлық емес қондырғыларда жапондық ғалымдармен бірлескен CORMIT жобасы іске асырылды. Бұл атом стансаларының қауіпсіздігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Семинар жұмысы нәтижесінде Токамак термоядролық материалтану реакторы, реакторлық емес стендтер мен қондырғылар ғылыми зертханаларына турлар ұйымдастырылмақ.
Абай облысы