Қоғам • 13 Маусым, 2024

Тіл тазалығы ойлантады

86 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақ жастарының бойындағы ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Сөйлеу және жазу мәдениетін сақтаудың, жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – әр сөзді дұрыс айту мен тілдік нормаға сай қатесіз жазу.

Тіл тазалығы ойлантады

Бүгінде сауатты, мәдениет­ті сөйлеу жастар тарапынан­ өзекті мәселеге айналып­ отыр. Олардың өзара, бұқа­ра­лық орындарда сөйлеу мә­дениеті өзгеше жағдайда қалыптасып келеді. Көптеген за­мандасымыздың бір сұрақ көлемінде ойын толық,­ жа­тық жеткізе алмай қина­ла­ты­нына, бірауыз сөзді кі­біртіктеп, ойланып барып әрең жеткізетініне күнде куә болып жүрміз. Жас­тардың сауатты сөйлеуінің, ой-пікірін еркін, дәл әрі анық жеткізе алмауының астарында қандай мәселелер жатыр, бұған кері әсер етіп отырған қандай факторлар, қандай кедергілер?

Біріншіден, оған себеп­ – тех­н­ократтық ой мен дәс­­түрден жырақтау. Бұл үрдіс алдымен жас­тардың тұтас тілдік бейне­сін бұзды. Өскелең ұрпақты тіл таза­лы­ғынан арылуға тіпті көркем әдебиеттен қол үзуге дейінгі күйге жеткізді.

Екінші жағынан, қазіргі таңда жас­тардың бойында өзге тілге деген қызығушы­лық­тың жылдан-жылға арта түсуі де тілдің шұбарлануына әке­ліп соқты. Бұл жердегі мә­се­ле – ана тілімізді қолдану, пай­далану барысында жиі кез­десіп отырған көлең­келі көрі­ністер: жастардың сөз қол­да­ныстарында ана тілімізде бала­масы бола тұра, кейбір кір­ме сөздерді шектен тыс көп пай­да­ланулары және оған тез бейім­де­ліп кетулері. Жастар ара­сын­да көп қолданылатын, құлақ­қа жағымсыз естілетін тілдік эле­менттердің тағы бірі – жар­гон, сленг сөздер. Жанға ба­татыны – көпшілік жастар мұны дәреже көреді.

Ауызекі сөйлеу мәнерінде кездесетін орашолақ, орын­сыз сөздер мен сөз тір­кестері өз алдына, жазу дағ­ды­ла­рында жиі кездесетін мына бір жайттан айналып өте алмаймыз. Қазір барша бұқара бір-бірімен әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп, хабарласып, хат жазысатын болды. Осы тұста да жауапсыздық, сауатсыздықтан көз тұнады. Сөздерді көбіне қысқартып, түрлі тілдің сөздерін аралас­тырып, шұбарлап жаза­мыз, қазақ тілінің ды­быс­­тарын таңбалауда орыс әріп­­терін ретті-ретсіз пайдаланады. Бұл – жас­тар ғана емес, бар­лық әлеуметтік желіні қолдану­шы­лар арасында­ белең алып бара жатқан теріс үрдіс.

Жастардың сөйлеу мәде­ние­тін дамытуға, ана тілімізді шұбарламауға ерекше мән беруіміз керек. Ол үшін бірін­ші кезекте балаларға жауапты – ата-ана, сондықтан отбасы тәрбиесіне баса назар аудару қажет. Қазіргі халықтың «құлағы һәм тіліне айналған» теледидар мен әлеуметтік желідегі ақпараттардың сапасына, тіліне, сөздердің дұрыс қолданылуына бақылау жүр­гізіп, сараптап отыру керек. Балалардың ана тіліне деген құрметін балабақшадан бас­тап қолға алып, бойларына рухани құндылықтарды сіңіріп өсірген жөн.

 

Лаура ХАЛЕЛ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенті