Бұл күндері құрбандыққа мал шалып, азығы жоқ, мұқтаж жандарға таратылады. Ислам түсінігі бойынша жоқ-жітік жандарға көмектесу сауапты іс саналады. Сондай-ақ, мұсылмандар құлшылық етіп, көбірек жақсы амалдар жасауға тырысады. Мереке кезінде Құрбан айт намазы оқылады.
Еліміздің әр өңірде намаз оқудың бекітілген уақыты бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халыққа мерекенің мән-жайын кеңінен түсіндіріп жүр. Аталған мерекеге тән міндет – Құрбан шалу болып саналады.