Жоба • 18 Маусым, 2024

Инновациялық бетон зауыты

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда Satbayev University ғалымдарының бастамасымен ашылған құйма және өздігінен тығыздалатын бетондарды өндіру және сату жөніндегі инновациялық зауыт ашылды.

Инновациялық бетон зауыты

Аталған жобаның елімізде әзір­ше баламасы жоқ. Бұл EN 206-2017 еуропалық стандарттары­на сәйкесетін озық құрылыс материалдарын енгізу үшін құрылған. Кәсіпорын инно­­вациялық құрылыс материалдары сегмен­­тін­де жол, өнеркәсіптік және азаматтық құры­лыс нарығында жұмыс істеуге бағытталған келешегі мол жоба.

Зауыт өнімінің негізінде отандық ғалым­дардың ғылыми-техникалық зерттеулері мен әзірлемелері, атап айтқанда, күрде­лі­лігі жоғары ғимараттарды тұрғызатын тауар­лық құйылған модифи­ка­цияланған бетон бар. Жоба жетекшісі – Т. Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институтындағы «Құры­лыс және құрылыс материалдары» кафед­расының меңгерушісі Данияр Ахметов.

Жаңа зауыт басшысының айтуын­ша, кәсіп­орын озық технологиямен және жоғары сапалы құйылған модифика­­­­цияланған бетонды өндіруге төзімді біре­­гей құрал-жабдықпен қамтылған. Бір жа­ғы­нан, елімізде алғаш ашылып отырған бұл зауыт ЕN 206 және ГОСТ 7473 Еуро стандар­ты бойынша кез келген маркалы өздігінен тығыз­далатын және құйылатын бетондарды шы­ғаруға арнайы жобаланып, технологиялық бағ­дарланған. Өздігінен тығыздалған бетон алғаш рет 1988 жылы күрделі геометрия­лық пішін­дегі берік бетон конструкцияларын жа­сау үшін жасалған. Содан бері оны арнайы бе­тон­нан стандартты бетонға айналдыру мақса­тын­­да ғалымдар көптеген зерттеу жүргізді. Мамандар жергілікті шикізат компонент­тері мен техногендік өндіріс қалдықтарындағы ­бетон қоспасының құрамын жобалады.

Мұндай жоғары технологиялық мате­риалдарды пайдалану қысқа мер­зімде ма­ңызды инфра­құры­лым­дық ғима­раттар салу­ға мүмкіндік береді. Бұл қоршаған ортаға жүк­темені де азайтады.

Айта кетейік, жобаны зауыт құрылысына грант бөлген «Ғылым қоры» қолдаған.