Білім • 18 Маусым, 2024

Мемлекеттік тапсырыспен білім алушы саны көбейді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа оқу жылында техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 60 мың орынға ұлғаяды. Осылайша, мемлекеттік тапсырыспен қабылданатын білім алушылардың саны 145 мыңға жетеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Мемлекеттік тапсырыспен білім алушы саны көбейді

Министрлік мәліметінше, мемлекеттік білім беру тапсырысы келесі техникалық маман­дықтар бойынша көбейеді: геология, машина жасау, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және тағы басқалар.

– 772 техникалық және кә­сіби білім беру ұйымында бү­гінгі таңда 542 мың студент бі­лім алады. Олардың 60 пайы­зы жұмысшы мамандықтарына  дайындалып жатыр. Қа­зіргі таңда  ТжКБб бойынша мемлекеттік тапсырыспен қам­ту 80 пайызға жетті. Ал 2025 жылы жастарды сұранысқа ие ма­мандықтармен 100 па­йыз тегін техникалық және кәсіптік бі­лім берумен қамту жоспарланып отыр, – деді департамент дирек­торы Әсет Мұханбетов.

Кәсіпорындардың өтінім­де­рімен 10 мың абитуриент қа­был­данады. Қазіргі таңда 518 кә­сіп­орын 410 колледжді шефтік қам­қорлыққа алған.