Оқиға • 19 Маусым, 2024

«Әйелінің омыртқасын сындырған». Атырауда бұрынғы аудан әкімі сотталды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының №2 сотында Мақат ауданның бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовке қатысты материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған әйеліне қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.

«Әйелінің омыртқасын сындырған». Атырауда бұрынғы аудан әкімі сотталды

Фото: tengrinews.kz

Соттағы тергеу барысында экс-әкім 2023 жылғы 31 мамырда әйелімен жанжалдасып, У.А.-ны еденге құлатқан және сол жақ санынан бірнеше рет тепкілеген. Салдарынан жәбірленушінің 5-ші омыртқасының сынғаны сараптама негізінде дәлелденді. 

«Бұл қылмыс заң бойынша орташа ауырлық дәрежесіне жатқызылады. Сотпен жаза түрін таңдау кезінде И.Р.-ның бұрын соттылығы жоқтығы, мінезі оң сипатталғаны ескерілді. Сот үкімімен И.Р.-ға 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

Ал жәбірленушінің 20 млн теңге моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талабын сот ішінара шешті.  И.Р. жәбірленуші У.А-ға 2 млн теңге моральдық шығынды өтейді.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.