Фото: Скриншот
Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей қазандықта отын ретінде сұйытылған газ пайдаланылған.
«19 маусымда сағат 19.39-да Павлодар қаласында монша-кір жуу кешені аумағындағы қазандықтың бір қабатты ғимаратында жарылыс болды. Бу қазандығында саңылау пайда болып, салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы туындап, ғимараттың жалпы аумағы 20 шаршы метр қабырғасы құлады және сол маңда тұрған жеңіл көліктер зақымданды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», деп мәлімдеді департаменттен.
Аталған оқиға бойынша ТЖД-нің 9 қызметкері және 4 құтқарушы, апаттар медицинасы орталығы және полиция департаменті қызметкерлері жұмылдырылған.