Сенат • 20 Маусым, 2024

«Кітапхана ісі» туралы жеке заң қабылдау қажет - Нұртөре Жүсіп

95 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенатор Нұртөре Жүсіп кітапханашылардың жалақысы әлі де төмен екенін айтып, кітап ордалары заманауи жабдықтармен қамтылмай отырғаны туралы мәселе қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кітапхана ісі» туралы жеке заң қабылдау қажет - Нұртөре Жүсіп

Фото: senate.parlam.kz

Қатардағы кітапханашылардың орташа жалақысы 125 000 теңгені құрайтынын және бұл білікті кадрлардың аталған саладан кетуіне себеп болып отырғанын айтқан сенатор: «Кітапханалар компьютерлер мен көшіру-көбейту техникасымен нашар жабдықталған, көбі ескірген. Көптеген кітапханалардың ғимараттары ұзақ жылдар бойы күрделі жөндеуден өтпеген. Арнаулы кітапханалардағы, балалар, жасөспірімдер, зағип және нашар көретіндерге арналған кітапханалардың жағдайы көңілден шыға бермейді. Мүгедектігі және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың кіруі және еркін жүруі өте қиын. Пандустар, әмбебап кабинасы бар санитарлық тораптар, көлік құралдарына арналған тұрақ орындары жоқ», деді.

Сонымен қатар сенатордың айтуынша, қолжетімді кітаптардың көбі ескірген және оқырмандардың заманауи ақпараттық сұранысына сәйкес келмейді. Қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты кітап қорын жыл сайын жаңарту ісі соңғы 20 жылда небәрі 1,8%-ды құрап отыр. Авторлық құқық туралы заңның нормалары қазіргі авторлардың шығармаларын цифрлық форматта толық ұсынуға мүмкіндік бермейді, бұл кітаптарға қолжетімділікті шектейді.

«Көпшілік кітапханалардың 60,7%-ы ғана интернет желісіне толыққанды қол жеткізе алады. Осыған байланысты, кітапхана саласын жаңғырту, кітапханаларға қатысты мемлекеттің жауапкершілігі мен міндеттерін айқындау үшін «Кітапхана ісі» туралы жеке заң қабылдау қажет. Білікті кадрларды тарту және ұстап қалу үшін кітапханашылардың жалақысын мемлекеттік деңгейде көтеру керек. Өңірлік кітапханалар қорларын толыққанды және уақытылы толықтыру үшін Кітапханалық бірыңғай орталық құру керек», деді Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп.

Соңғы жаңалықтар

«Сары тентек» сарыны

Әдебиет • Кеше

Ұлытау ұлары

Тұлға • Кеше

Тағдыр тәпсірлері

Әдебиет • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Абай тапсырған асатаяқ

Жәдігер • Кеше