Қоғам • 20 Маусым, 2024

Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы төмен – сенатор

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Амангелді Толамисов өзінің депутаттық сауалында әлеуметтік қызмет қызметкерлерінің проблемалары туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы төмен – сенатор

Фото: Сенат

Депутаттың ақпараты бойынша, елімізде қарттар мен мүгедектерге арналған 118 әлеуметтік орталық жұмыс істейді, функциялардың маңыздылығына қарамастан, қызметкерлердің жалақысы төмен болып отыр. Мысалы, елордалық орталықта 10 жылдан астам еңбек өтілі бар әлеуметтік қызметкер айына 155 мың теңге, ал тазалаушы 87 мың теңге алады. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында жағдай ұқсас, тазалаушының жалақысы 90 мың теңгені, тәрбиешінің жалақысы 120 мың теңгені, ал тәрбиеші көмекшісінің жалақысы 80-100 мың теңгені құрайды.

«Мүгедектігі бар, әртүрлі диагноздағы тастанды балаларға қамқорлық жасап отырған мекеме қызметкерлерінің жұмысы өте бейнетті, әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Олардың еңбекақы мәселесі күрделеніп тұр. Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы қызметкерлердің барлығында арнайы статус бар деп айта алмаймыз. Бұған қоса қызметтік ерекшелікке сай мамандарға жүктелетін қосымша ауыр жұмыстар, атап айтқанда, науқас балалардың күтіміне физикалық еңбектің көбірек жұмсалатындығы, кейбір психикалық дімкәстігі бар балалардың тәрбиешілерге күш көрсететіндігі, соққыға дейін жететін жағдайларда қызметкерлердің қорғалмауы да көпшілік біле бермейтін мәселе. Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы жалақының төмендігінен және әлеуметтік қорғалмағандықтан, орталықтарға кәсіби білікті мамандарды жұмысқа тарту мүмкіндігі де жоқ», деп атап өтті сенатор.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024