Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды. Онда Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын одан әрі пысықтау және қорытынды әзірлеу үшін бас комитет болып белгіленді.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.
Бюро отырысы барысында палатаның 2015 жылғы 22 қаңтарда болатын кезекті отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар енгізілді. Отырыста «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» және «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» (бірінші оқылым) заң жобаларын қарау жоспарланды.