Сенат • 25 Маусым, 2024

Сенатта жылу энергетикасы саласын жетілдіру туралы заң қаралды

66 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінде кеңейтілген отырыс болды. Онда азаматтарды әлеуметтік қорғауды күшейту, жылу энергетикасы саласын жетілдіру және Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісімді ратификациялау мәселелеріне қатысты бірнеше заң талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатта жылу энергетикасы саласын жетілдіру туралы заң қаралды

Фото: Сенат

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және сатып алу рәсімін оңайлатуды, әкімшілік дереккөздерін белсенді пайдалануды көздейді. Заң орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын қайта бөлу, цифрландыру қаржысы есебінен респонденттердің есепті жүктемесін азайту арқылы халықты әлеуметтік қорғауды жетілдіруге бағытталған.

Сенаторлар «Жылу энергетикасы туралы» заңға және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерді де талқылады. Өзгерістер жаңартылатын энергия көздерін енгізуге, тарифтерді мемлекеттік реттеу, желілерге техникалық қызмет көрсету ережелерін бұзғаны және жылумен жабдықтау жүйесіне өз бетінше қосылғаны үшін жауаптылыққа бағытталған. Бұл шаралар жылумен жабдықтаудың сенімділігі мен үнемділігін арттыруға, энергияны өндіру мен тұтыну кезінде тиімді бақылауды қамтамасыз етуге арналған.

Парламентшілер «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды да қарады. Келісім еліміздің экспорттық әлеуетін арттырады және IT-технологиялар саласындағы қазақстандық шешімдерді халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік беретін болады.

Комитет отырысының қорытындысы бойынша заңдарды Палата отырысының қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024