2014 жылғы 24 маусым, Астана қаласы
«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы мен 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті заңмен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құкықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.К. Қабыкеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б.ЖӘМІШЕВ.
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 24 маусымдағы № 181/НҚ бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті (әрі қарай – Комитет) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (әрі қарай – Министрлік) шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті дамыту саласында бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы бола алады.
6. Комитеттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
7. Комитеттің тұрған жері: 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 10 кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
8. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесі, ықшамдалған атауы: ҚР ӨДМ КДК.
9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Комитеттің қызметін қаржыландыруы республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
11. Комитетке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түспейді.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер бюджеттің кірісіне жолданады.
12. Комитет:
1) ақпараттық-талдау басқармасынан;
2) кәсіпкерлікті қаржылық қолдау басқармасынан;
3) кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау басқармасынан;
4) мемлекеттік органдардың бақылау, қадағалау және рұқсат ету жүйесі мәселелері жөніндегі қызметінің мониторинг! басқармасынан;
5) ішкі әкімшілендіру басқармасынан тұрады.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
13. Міндеті: кәсіпкерліктің дамыту жағдайын жалпы және өңірлер бойынша талдау.
Функциялары:
1) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялык ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамытудың инфрақұрылымына талдау жүргізу;
2) жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттау;
3) шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын үйлестіру.
14. Міндеті: жеке кәсіпкерліктің субъектілеріне қаржылық құралдардың қол жетімділігін қамтамасыз ету және өңірлік кәсіпкерлікті жандандыру.
Функциялары:
1) шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастыру;
2) шағын кәсіпкерліктің инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысуы үшін жағдайлар жасау;
3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) халықаралық нарықтарына шығуы үшін жағдайлар жасау;
4) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу.
15. Міндеті. кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымды және оқыту жүйелерін қалыптастыру және өңірлік кәсіпкерлікті жандандыру.
Функциялары:
1) жеке кәсіпкерлікті дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республика өңірлерінде шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға септігін тигізу;
3) инвесторлар, грант беруші халықаралық ұйымдар үшін жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелерінде жағдайлар жасау;
4) жеке кәсіпкерлік саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыру жөніндегі шараларды іске асыру.
16. Міндеті: кәсіпкерлік ахуалын жақсарту және кәсіпкерліктің дамуына жағдайлардың қолайлығын қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
2) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасау;
3) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жол берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметін ақпараттандыру;
4) мемлекеттік рұқсат беру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шараларын жетілдіру және оңтайландыру саласында ведомствоаралық үйлестіру.
17. Комитет жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізуді, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмек ұйымдастырады және Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18. Комитеттің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелерін жедел шешуді қамтамасыз ету үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынасқа түседі;
2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан Комитет құзыретіне жатқызылған мәселелердің шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;
3) өз қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша қаржылық, экономикалық және басқа көрсеткіштерді жинақтайды және талдайды;
5) Комитеттің құзыретіне кіретін сұрақтары бойынша конференцияларды, семинарларды, мәжілістерді, жұмыс топтарының, ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарын өткізеді;
6) қолдауды көрсету сұрақтары бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен Бағдарламаның шеңберінде қаржылық өзара әрекетті жүзеге асырады;
7) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша бюджеттік бағдарламаларды әкімшілік етеді;
8) мемлекеттік бақылау, қадағалау және рұқсат беру құжаттарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг етеді;
9) жеке кәсіпкерлік туралы заңнаманың талаптарын орындау бойынша ақпаратты жинақтайды және талдайды;
10) кәсіпкерлікті қорғау шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жолдайды;
11) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте бұйрықтарды шығарады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
19. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
20. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын төраға басқарады.
21. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
22. Комитеттің төрағасы Комитеттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
23. Комитеттің төрағасы Министрліктің басшысына Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
24. Комитет төрағасы:
1) Комитет төрағасының орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
2) өз орынбасарларының және Комитеттің қызметкерлерін міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді және бекітеді;
3) өзінің құзыреті шегінде Комитетке сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кабылдау үшін жеке жауаптылықта болады;
4) Комитет Төрағасының орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерін ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
5) іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
7) Мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда сенімхатсыз Комитеттің өкілі болады;
8) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;
9) бұйрықтарға қол қояды;
10) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Комитеттің өкілі болады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
25. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
26. Төраға, оның орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауы тиіс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына дербес жауап береді;
27. Комитет қабылдайтын шешімдер Комитет төрағасының бұйрығымен рәсімделінеді.
4. Комитеттің мүлкі
28. Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда, Комитет жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің және айналым қаражаттарының негізгі қорынан, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктің есебінен қалыптасады.
29. Комитетке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
30. Комитеттің өзіне бекітіп берілген мүлікті, егер заңнамалық актіде өзгеше белгіленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
31. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 22 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 9605 болып енгізілді.