Спорт • 26 Маусым, 2024

Әлемдік додаға әзірлік

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада дзюдодан 20 жасқа дейінгілер (U-20) арасында халықаралық турнир өтті. Данияр Ма­қышевты еске алуға арналған халықаралық до­даға Қазақстан, Қыр­ғызстан, Өзбекстан, Бе­ларусь, Ресей елдерінен 150-ге тарта жас балуан бағын сынады.

Әлемдік додаға әзірлік

Ерлер арасында 7 сал­мақ дәрежесінде өт­кен халықаралық до­­даның жалпыкомандалық есебінде біздің өрендер қара үзді. Турнирдің чемпиондарына 500 АҚШ доллары тарту етілсе, күміс жүлдегерлерге 350, қола медаль иегері атанған балуандарға 200 АҚШ доллары сыйға берілді.

60 кило салмақ дәрежесінде еліміздің балуандары бар жүл­дені олжалады. Мәди Серіков чемпион атанса, Телжан Сұл­танбай – күміс, Нұрсұлтан Бей­сенбек, Асылхан Зейнуллин қола медаль иеленді. 66 килода Береке Рахматуллаұлы же­ңіске жетсе, күміс медаль Санжар Қанафинге бұйырды. Қос қоланы өзбек балуандары Сухроб Пулатов пен Бенед Шүкіров еншіледі. 73 кило салмақтағы бел­десу де тартысты өтті. Финал­да жер­ле­сіміз Мұхамедәли Зә­кі­ров өз­бекстандық Асадбек Нор­бу­таевты жықты, қола медаль тағы бір жерлесіміз Қанат Әбіт­ұлы мен ресейлік Антон Ку­бовикке бұйырды. 81 килода Данил Крылов чемпион атанса, Досбол Балғабай – күміс, Нодырбек Мовлонбердиев (Өз­бек­стан) пен Досхан Жолжа­қынов халықаралық турнирдің қола медалін олжалады. 90 ки­ло салмақ дәрежесінде өзбек­стан­­дық Сардор Еркіновтің ек­­пінін ешкім тежей алмады. Бе­рікбол Жұманбеков күмісті місе тұтса, Әзиз Алтынбай мен Нұрдәулет Тынысқали қола медаль алды. 100 килода Ме­йіржан Сламшықов фи­налдық белдесуде Ерасыл Нұр­тазаны ұтты. Қола медальды Бақ­жан Байтас пен Бейбарыс Райс иеленді. 100 килодан ауыр абсолюттік салмақ дәрежесінде Жантілек Нұртілепұлын ешкім жыға алмады. Финалда оған Шер­хан Алпанов жол берді. Әли­хан Назымханов пен Ардақ Серіковке халықаралық тур­нирдің қола медалі бұ­йырды.

Күзде Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жас­тар арасында әлем чемпио­наты өтеді. Дүниежүзілік до­даға елімізден кімдердің ба­ратынын бапкерлік құрам осы турнирде бір саралап, ба­луандардың екпінін бағам­дады.