Елорда • 28 Маусым, 2024

Астанада жаңа ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылады

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 маусымнан бастап Астанада Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойында жаңа ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада жаңа ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылады

Фото: gov.kz

Жаңа жәрмеңке орны «Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы бетте орналасады (Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23). Ол 9.00-ден 20.00-ге дейін келушілер үшін ашық болады.

Жәрмеңкеде жергілікті, сондай-ақ Түркістан, Жамбыл, Ақмола облыстарының тауар өндірушілерінің түрлі тауарлары ұсынылады.

Келушілер көкөніс пен жеміс, сапалы ет, ұн өнімдерін және басқа да ауылшаруашылық өнімдерін сатып ала алады.

Сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін жәрмеңкенің жанынан № 49, 73 автобус маршруттары өтеді. Айта кетейік, елордада демалыс күндері тұрақты жәрмеңке өтеді. Ол демалыс күндері сағат 10:00-ден 19:00 аралығында жұмыс істейді. Мекенжайы Сарыарқа ауданында Б. Соқпақбаев көшесі, 21 мекенжайында орналасқан», делінген Астана қалалық әкімдігінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Қалам қазанаты

Тұлға • Бүгін, 08:55

Орман қорына қол сұғу тыйылмай тұр

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:50

Өмірі өнермен өрілген

Тұлға • Бүгін, 08:45

Қияндағы қыстау

Талбесік • Бүгін, 08:37

Қасіреттің құны қалай өтеледі?

Талбесік • Бүгін, 08:35