фото: видеодан алынған кадр
«2024 жылдың 28 маусымында сағат 11:09-да Өтеген батыр кентіндегі ПЧ-8 байланыс пунктінің 101-нөміріне Іле ауданы, Gate City кешеніне жақын жерде шөп өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Жақын маңдағы елді мекендер мен ғимараттарға қауіп төніп тұрғаны анықталды», деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрт аумағы анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері мен 3 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 15 адамы және Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері, сондай-ақ 8 бірлік техника жұмылдырылған.