Білім • 30 Маусым, 2024

Елордада ҰБТ өткізу мерзімі кейінге шегерілді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада кейбір талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру мерзімі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада ҰБТ өткізу мерзімі кейінге шегерілді

Ұлттық тестілеу орталығы Астанада 2, 3 және 4 шілдеге белгіленген ҰБТ өткізу мерзімінің кейінге шегерілетінін хабарлады (Т.Жүргенов көшесі, 18/2 және Қайым Мұхамедханов көшесі, 37А мекенжайы бойынша).

«Техникалық жұмыстарға байланысты 2, 3 және 4 шілдеге жоспарланған ҰБТ келесі мерзімге ауыстырылады: 2 шілдеге жоспарланған тестілеу енді 8 шілдеде, 3 шілдеге жоспарланған - 9 шілдеде, ал 4 шілдедегісі 10 шілде күні өтеді», - делінген хабарламада.

Жаңа тестілеу күндері туралы ақпарат тест тапсырушының жеке кабинетінде қолжетімді болатыны хабарланды.