Қоғам • 02 Шілде, 2024

Көрші елге гуманитарлық көмек жөнелтті

41 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның Ош облысы, Науқат (Ноо­кат) ауданында толас­сыз жауыннан тас­қын жүріп, бірнеше адам суға кетті. Қаза тап­қан­дардың ішінде елі­міздің 4 азаматы бар.

Көрші елге гуманитарлық көмек жөнелтті

фото: madeniportal.kz

Анасымен бірге Қыр­ғыз­станға туыстарына барған 19,16, 11, 8 жастағы екі қыз, екі ұл бала тасқын су салдарынан қаза болды. Көрші ел­дің Ап­шыр-Ата ауылынан демалыс аймағындағы суқой­маға тынығуға бара жат­қан жолда тасқынға тап бо­лып қазаға ұшыраған марқұм­дардың денесі елге Төтенше жағ­дайлар министр­лігінің ұшағы­мен жеткізіліп, мар­құм­дарды жерлеу рәсімі өтті.

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі, тау­лы өңірде жауын әлі де толастамайтынын, сел жүру қаупі жоғары екенін ескертіп, жергілікті тұрғындар мен туристерге қауіпсіздік ережесін қатаң ұстануға үндеді.

Қырғызстанның Ош облысында 28 маусымда бесін ауа басталған жаңбырдан оннан астам адам мерт болды. Осы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі Науқат ауданында төтенше жағдай режімі жарияланып, Абшыр-Сай демалыс аймағынан 1300-ден аса адамның қауіпсіз аймаққа көшірілгенін, Кезарт жайлауында қалған 10 адамды да қауіпсіз орынға көшіру жұмысы жүзеге асырылғанын хабарлады.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігімен тығыз байланыс орнатып, жағдайды жіті қадағалап отыр. Елімізден аттанған құт­қару­шылар, медицина қыз­меткерлері, психолог­тер де көрші ел азаматтарына көмек көрсетіп жатыр. Ош облысындағы төтенше жағдайға тап болған халыққа Қазақ­станнан алғаш­қы гуманитарлық көмек те жеткізілді.