Спорт • 02 Шілде, 2024

Жастар олжалы оралды

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иордания астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен 23 жас­қа дейінгі балуандар арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті. Еліміздің балуандары құрлық бәйгесінен толайым табыспен оралды.

Жастар олжалы оралды

Әйелдер күресінен балуандарымыз 7 медаль олжалады. Өкінішке қарай, финалдық бәсекеге дейінгі қарсыластарының барлығын еркін еңсерген Кәмила Апекова (50 кило), Шұғыла Өмірбек

(57 кило), Тыныс Дубек (62 кило) чемпион атануға сынық сүйем жетпей тоқтап, күмісті місе тұтты.

Азия чемпионатының қола жүлдесі Зейнеп Баянова (53 ки­ло), Гүлдана Бекеш (59 кило), Бей­біт Сейдуалы (68 кило), Әли­на Ертөстікке (76 кило) бұйырды.

Еркін күрестен жігіттер ерледі. 61 кило салмақта Мерей Базар­баев пен 86 килода белдесуге түскен Шамсат Тайыр құрлық додасының чемпионы атанса, Сұлтан Құрманәлиев (57 кило), Рүстем Мырзағалиев (79 кило), Әкежан Айтбеков
(97 кило) финалдық бәсекеде сү­рініп, күміс медаль иеленді.

Азия чемпионатының қола жүлдесі Олжас Олжақанов (70 кило), Нұр­дәулет Бекенов (92 кило), Бекзат Үркімбайға (125 кило) бұйырды.

Грек-рим күресінен де ба­луан­дарымыз топ бастады. Азия чемпионатының алтын медалі Ербол Камалиев (55 кило), Нұр­сұлтан Базарбаев (63 кило) және Мерей Мәулітхановқа (72 кило) бұйырды. Диас Әскебай (67 кило), Расул Жүніс (77 кило), Әл­мир Төлебаев (82 кило) және Мақсат Сайлау (87 кило) Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Құрлық додасының қола медалі Бақдәулет Азамат (97 кило) пен Асылбек Жәнібекұлына (125 кило) бұйырды.