Спорт • 02 Шілде, 2024

Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Александр Бублик Ұлыбританияда өтіп жатқан Уимблдон турнирін сәтті бастап, екінші айналымға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsporttv-ге сілтеме жасап.

Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады

Фото: Reuters

Александр 3 сағат 27 минутқа созылған тартысты ойында чехиялық Якуб Менсикты (#78) 4:6, 6:7 (2), 6:4, 6:4, 6:2 есебімен жеңіп, жарыстың екінші айналымына жолдама алды. Теннисшінің келесі қарсыласы франциялық Артур Казо (#98).

Алғашқы жарыс күнінде сынға түскен тағы бір Қазақстан спортшысы Александр Шевченко алғашқы айналымда Уго Умберден (#16) 1:6, 6:4, 6:7, 7:6, 6:1 жеңіліп, турнирдегі жолын аяқтады.