Қазақстандық 15 жасар шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік Чехияда әйелдер арасында өткен халықаралық «Прага Оупен» турнирінде бірінші орынды жеңіп алды.
Ол 9 турда 6 ұпай жинап, алдына жан салмады. Ал ер кісілер арасындағы сайыста украин гроссмейстері Олександар Носенко 8 ұпаймен топ бастады. Жарысқа барлығы 209 шахматшы қатысты.
«Жансая Чехиядағы турнирде жеңіске жетуі нәтижесінде өз рейтингісін тағы 10 сатыға көтерді, – деді шахматшы қыздың әкесі Данияр Әшіров. – Бәлки, бұл тым көп те емес шығар, бірақ осының өзі өсуді көрсетеді».
Данияр Әшіров бұдан бөлек, қызының алдағы жоспарлары туралы да айтты. Оның баяндауынша, Жансая Әбдімәлік қаңтардың аяғында Францияда өтетін «Капелла ля-Гранде» турниріне қатысады, содан кейін артынша Исландиядағы «Рейкьявик Оупен» жарысына барады. Қатысушылары жағынан бұлардың соңғысы өте күшті турнир болғалы тұр.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Таиландта бір айға жуық жансақтау бөлімінде жатқан Алексей Вивтоненко қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 10:48
Президент Никол Пашинянды сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:10
Филиппинде жойқын жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:05
ҚФФ мәлімдеме жасады: Талғат Байсуфинов ұлттық құрамадан кете ме?
Футбол • Бүгін, 09:58
Балалар лагерінің қызметкерлері жаппай тексеріледі
Балалар • Бүгін, 09:34
Есірткі бизнесіне адамдарды тартумен айналысқан call-орталықтар жойылды
Заң • Бүгін, 09:25
Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:42
Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:21
Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше