Фото: UKIMET
Режеп Тайып Ердоған 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады. Түркия — ұйымға серіктес ел.
Айта кетейік, Түркия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне әрі инвестор елдердің үздік 20 мемлекетіне кіреді.
Осы жылдың 4 айында өзара сауда көлемі $1,6 млрд-қа жетті. Екі елдің үкіметтері сауданың тұрақты көлемін кемінде $10 млрд деңгейінде жоспарлы түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеп жатыр.