Саясат • 04 Шілде, 2024

Астана – бейбітшілік алаңы

110 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді. Кездесуде Мемлекет басшысы ШЫҰ-ның Астана саммитіне қатысуға шақыруын қабыл алғаны үшін БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты.

Астана – бейбітшілік алаңы

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерриштің сапары Қазақстан мен БҰҰ арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік бере­тінін атап өтті.

– Сіздің Астанаға сапарыңыз және ШЫҰ саммитіне қатысуыңыз – Қазақстан мен БҰҰ арасындағы тығыз қарым-қатынас­тың жарқын белгісі. Бұл біздің БҰҰ қызметіне атсалысып жат­қанымыз­ды көрсетеді. Қазіргі күрделі жағ­дайда Қазақстан және мен де Мем­лекет басшысы ретінде БҰҰ-ның жұмысын жан-жақты қолдаймыз, – деді Президент.

Антониу Гутерриш өзінің сапарын БҰҰ-ның Қазақстанға және оның ШЫҰ төрағалығына көрсеткен қолдауы мен тілеулестігінің көрінісі ретінде қарастыратынын мәлімдеді.

– Қазақстан бейбітшілік жолындағы кү­рестің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Сіз­дің еліңіз бірігу ісінде дәнекер, со­ның ішінде өте күрделі жағдайларда әр­қашан алтын көпір, бейбітшіліктің елші­сі болды. Астана көптеген бітімгерлік баста­маның, соның ішінде Сирия бойын­ша Ас­тана үдерісінің орталығына айналды. Ас­тана әрдайым бейбітшілік алаңы бол­ды. Қазақстанның беделі зор. Сіздер ядролық қарусыздану саласында көшбас­шы елсіздер және басқа да көптеген салада бейбітшілікке бейілді екендеріңізді танытып келесіздер, – деді БҰҰ Бас хатшысы.

БҰҰ Бас хатшысы Астананың Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығын жоғары бағалады. Антониу Гутерриш Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформаларды қолдайтынын, еліміздің жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сонымен қатар кездесуде Орталық Азия мем­лекеттері арасындағы аймақтағы коопе­ра­цияны нығайту мәселелеріне ерек­ше назар аударылды. БҰҰ Бас хатшысы өңір­дегі экономикалық интеграция үдері­сі­не жоғары баға беріп, оның жаһандық мәселелерді шешудегі әлеуеті зор екеніне тоқталды.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен БҰҰ арасындағы көпжақты ынтымақтас­тықтың басым бағыттары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.