Фото: akorda.kz
Кездесуге Ұйымға мүше 10 мемлекеттің басшысымен қатар БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, БАӘ Жоғары федералдық кеңесінің мүшесі, Рас-әл-Хайма әмірлігінің билеушісі Сауд ибн Сакр әл-Касими, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Моңғолия Президенті Ухнаагийна Хурэлсуха, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған және Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қатысып жатыр.
Еске салайық, бүгін, 4 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті.