Спорт • 04 Шілде, 2024

Юлия Путинцева Уимбилдон турнирінің үшінші айналымына шықты

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің үшінші айналымына жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.

Юлия Путинцева Уимбилдон турнирінің үшінші айналымына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Ел теннисшісі екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингіде өзінен бір саты төмен тұрған чехиялық Катержина Синяковаға қарсы өткізді.

Үшінші раундқа шығу ойынында Юлия Путинцева Чехия спортшысын (36 WTA) 6:0, 4:6, 6:2 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 39 минутқа созылды.