Фото: akorda.kz
Саммитте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Иран Президентінің міндетін атқарушы Мұхаммед Мохбер, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, БАӘ Жоғарғы кеңесінің мүшесі, Рас-Әл-Хайма әмірлігінің билеушісі шейх Сауд бен Сақр Әл Қасими сөз сөйледі.
Еске салайық, бүгін Астада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті.
Саммит барысында Беларусь Республикасы ШЫҰ-ның толыққанды мүшелігіне өткенін айта кету керек.
Сондай-ақ жиын аясында мемлекеттер басшылары Астана декларациясына және Ұйым қызметіне қатысты маңызды құжаттарға қол қойды.