Ауа райы • 04 Шілде, 2024

Елдің батысында аптап ыстық болады - синоптиктер

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері 5 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, елдің батыс өңірлерінде аптап ыстық күтіледі, деп жазады Egemen.kz

Елдің батысында аптап ыстық болады - синоптиктер

Фото: astanatv.kz

Мамандардың болжамына қарғанда, ертең БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе өңірінің батысында аптап ыстық сақталады.

Ал елдің оңтүстік өңірлері әлі де антициклонның ықпалында болады, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Қазақстанның қалған аумағында циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел соғады, ал солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.

 

Синоптиктер Абай облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау өңірінің батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, Маңғыстау өңірінің оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталатынын ескертті.

«Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Алматы өңірінің батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, ШҚО, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Атырау өңірінің оңтүстік-шығысында, батысында, Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.