фото: Wikimedia
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) рефери директоры лауазымын атқаратын Чжон Ки Ен, Армен Багдасаров, Азия дзюдо одағының төрағасы, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев жетекшілік етіп, тәжірибесін бөліскен семинарға Астана, Алматы, Шымкент қаласынан және 17 облыстан жүзге тарта төреші мен жаттықтырушы қатысты. Кәсіби біліктілікті шыңдаған игі шара соңында төрешілер «IJF Continental», «IJF International» санаты бойынша теориялық емтихан тапсырды.
Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогі басталды. Жасөпірімдер мен жастар арасында өтетін дзюдо додасына біздің балуандармен қоса Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Моңғолия, Шри-Ланка, Германия, Молдова, АҚШ-тан да спортшылар қатысып жатыр. Азия кубогінің чемпионы мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай жазылады. Осы байрақты додада семинарға қатысқан төрешілер тәжірибе жинау үшін қазылық етеді.