Алдағы уақытта құрылымның қарарларынан көп жаңалық күтіледі. Бұл жолы да аймақтағы елдер үшін маңызды 20-дан астам жобаға қол қойылды. Айталық, алдағы уақытта Ұйым аясында қауіпсіздік пен көлік ынтымақтастықтығы нығайып, сауда-экономикалық байланыс артады деген болжам жасалып отыр. Қазір геосаяси шиеленіс, сондай-ақ санкциялық режім аясында сауда жолдары өзгеріп келеді. Осы тұста ұйым елдері арасындағы экономика саласындағы қатынастарды дамытуға баса назар аударылады. Әсіресе Шанхай ынтымақтастық ұйымын біріктіретін көлік жолдары мен осы елдерді әртараптандыру мәселелеріне айрықша назар аударылады. Көлік дәліздерін дамытуға серпін беру мүше елдердің әрқайсысы үшін маңызды. Өйткені олар Шығыс, Батыс және Солтүстік, Оңтүстік бағыттарының түйіскен жеріндегі негізгі сауда көлік бағыттарында орналасқан.
Әзербайжан арқылы өтетін орта дәліздің рөлін ішінара атап өткім келеді. Қазір біздің ел сауда-экономикалық байланыстарды, атап айтқанда, Оңтүстік Кавказ елдері арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға арналған орта дәлізді одан әрі дамыту үшін түрлі бағытты қарастырып жатыр. Шындығында, бұл бағыттың бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, бұл қауіпсіз. Екіншіден, уақытты үнемдеуге көмектеседі. Әрине, қазір көлік қатынасын дамыту өте өзекті. Сондай-ақ бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызды.
Елдер арасындағы сауда-көлік байланыстарын нығайтуға ерекше назар аударылады. Сонымен бірге Транскаспий бағытын дамытуға ден қойылады. Энергетикалық ынтымақтастықтың орнауы да Орталық Азия елдері мен Әзербайжан үшін маңызды. Орталық Азия елдері табиғи газдың үлкен ресурстарына ие және Әзербайжан Орталық Азиядан Еуропа елдеріне және әлемдік нарықтарға энергия ресурстарын жеткізу бағыттарын жеткізу үшін өз аумағын беруге дайын екенін білдіріп келеді.
Бұдан бөлек, қазір қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық өте өзекті. Себебі халықаралық құқық пен ережелердің қалай бұзылатынын, барлық жерде қақтығыстар мен кикілжіңдер болып жатқанын күнде көріп отырмыз. Бұл еуразиялық кеңістік елдерінің экономикалық және интеграциялық дамуға үлес қосу үшін халықаралық жүйенің қағидаттарын өзгертуге, осы жанжалды жағдайлардың одан әрі дамуына жол бермеуге, соғыстарды тоқтату қажет екенін білдіреді.
Қол қойылған құжаттар шын мәнінде жүзеге асырылса, әлемдік ұйымдарға да әсер етсе, экономикалық қатынастардың дамуына тікелей жол ашады, елдің экономикалық қатынастарын нығайтады. Тұрақтылық орнаған елдер бір-бірімен соғыспайды, экономикалық байланысты одан әрі дамыту бағытында жұмыс істейді. Нәтижесінде, елдер арасында тәжірибе алмасу жиілейді. Бұл білім және мәдениет саласындағы дамуға әкеледі. Қазіргі әлемде өнер мен мәдениет, білім алмасусыз алға жылжу мүмкін емес. Сондықтан ұйымды тек мемлекет үшін емес, жекелеген адамдардың жайлы өмір сүруінің кепілдігі ретінде қарастырған абзал. Себебі ел экономикасы қарқынды дамып отырса, әлеуметтік саясатқа әсер етеді. Әлеуметтік жағдай тұрақталса, тұрғындардың тұрмыстық пакеті жақсарып, адамдардың әл-ауқаты да көтеріледі.
Ляман ЗЕЙНАЛОВА,
Халықаралық «Trend» ақпарат агенттігі бас редакторының орынбасары
(Әзербайжан)