Қоғам • 08 Шілде, 2024

Құмар ойындарға қатысты шектеулер күшейтілді

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қол қойған заң туралы Facebook желісінде жазба қалдырды, деп жазады Egemen.kz

Құмар ойындарға қатысты шектеулер күшейтілді

Фото: ашық дереккөз

Депутаттың сөзінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырған еді.

«Мемлекет басшысы қол қойған заңға сәйкес елімізде букмекерлік кеңселер мен ғимараттардың қасбеттерінде казиноларды жарнамалауға толық тыйым салынады, сондай-ақ тәуелді азаматтар өздеріне құмар ойын ойнауға 10 жылға тыйым сала алады. Бұл eGov арқылы іске асырылады», деп жазды мәжіліс депутаты.