Аймақтар • 09 Шілде, 2024

Жаңатаста 400 үйді су басты: Қазіргі ахуал қандай?

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 шілде күні нөсер жауыннан кейін Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы 400-ден астам үйдің ауласы, 47 үйдің іші мен 1 мектептің жертөлесін су басып қалды, деп жазады Egemen.kz.

Жаңатаста 400 үйді су басты: Қазіргі ахуал қандай?

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Өңірдегі төтенше жағдайлар департаменті су сору жұмыстары жалғасып, 8 шілде сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 128 аула мен 47 үйдің іші судан тазартылғанын хабарлады.

«Жаңатас қаласындағы екі елді мекен (Малоэтажка, Дегерес) жарыққа қайта қосылды. Тек «Д. Қонаев» атындағы орта мектебіне судан тазарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жарық әлі берілмеді. Төтенше жағдай салдарынан келтірілген материалдық шығынды есептеу бойынша жұмыс тобы құрылды. 8 шілде, таңертең ұшқызсыз ұшу аппаратының көмегімен су деңгейінің едәуір төмендегені анықталды. Адам, мал шығыны тіркелмеген», делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Нөсер суынан зардап шеккендер үшін 150 адамды қабылдауға қауқарлы 2 қабылдау пункті жабдықталды.

Төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау қызметтерінен 282 адам, 64 техника, 35 мотопомпа және 1 ұшқызсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Жаңатас–Саудакент» тас жолы ашық тұр.

лл

лл

хх