Саясат • 11 Шілде, 2024

Жаңғырту жұмысы бақылауда тұр

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов «Атырау Су арнасы» еңбек ұжымымен кездесіп, кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Жаңғырту жұмысы бақылауда тұр

фото: amanatpartiasy.kz

Қазіргі уақытта су сорғысы және сүзу стансаларын жаңғырту бо­йынша екі жоба іске асырылып жатыр, олардың құны 10 млрд теңгені құрайды. Депутат аймақ­тағы кәріз және тазарту құрылыстарының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Қазіргі уақытта Атырау қала­сында коммуналдық желілер­ді жаң­ғырту, 33,2 шақырым кәріз жүйесінің күрделі жөндеу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ Сәтбаев даңғылы бо­йынша кәріз коллекторын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қалада және жақын маңдағы елді мекен­дерде тозығы жеткен 60,1 ша­қырым кәріз құбырына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Ең алдымен, Құлманов, Сәтпаев, Канцев, Өтемісов және Момышұлы көше­леріндегі жалпы ұзындығы 30,7 шақырымды құрайтын апатты желілер жөнделеді.

– Қыркүйек айында Мәжіліс депутаттары республикалық бюджет жобасын қарайды. Сол кезде Атырау қаласының су құбырларын жөндеуге қажетті келесі жылғы қаржыландыру мәселесін шешуге тырысамыз. Бұл бірлескен қаржыландыру болады, бір бөлігі – облыс бюджетінен, екіншісі – республикалық бюджеттен, – деді Дүйсенбай Тұрғанов.

Депутат сондай-ақ жазғы уақытта қала маңындағы тұрғын­дар суармалы су үшін пайдаланатын судың тапшылығына назар аударды. Оның пікірінше, алдағы 2-3 жылда сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі.