Аймақтар • 13 Шілде, 2024

Суға батып бара жатқан адамды мас достары құтқармақ болды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында суға батып бара жатқан адамды мас достары құтқарып қалмақ болды. Бұл туралы Egemen.kzі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Суға батып бара жатқан адамды мас достары құтқармақ болды

Оқиға туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

«Атырау облысы Құлсары қаласының Қамыскөл көлінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кезекті алдын алу іс-шарасы барысында ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Нұрсұлтан Әділбаев пен құтқарушы Асқар Сұлтангереев қауіпті учаскеде мас күйінде шомылып жүрген үш ересек адамды байқады», – делінген хабарламада.

Шомылу кезінде олардың біреуінің өміріне қауіп төнгені және достары оны жағаға шығаруға тырысқаны байқалды.

Құтқарушылар дереу оқиға орнына келіп, жәбірленушіні жағаға шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейінірек ол жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.