Фото: adyrna.kz
Конкурстық іріктеу нәтижелеріне қарағанда, үміткерлердің жартысы ғана Конвентке билет алды. Осылайша, бүгін, 13 шілдеде елордада еліміздің 20 өңірінен келген 7 мыңнан астам қатысушы бір-бірімен танысып, Қазақстандағы ең үздік азаматтық науқандарды таңдау үшін жиналды.
Конвенттің басты ерекшелігі - жаппай таныстықтар. Берік көлденең байланыс орнату үшін қатысушыларға достар «майнингіне» арналған бірегей мобильді қосымша және Конвенттің арнайы ішкі валютасы - DOS_coin ұсынылды, оны іс-шараның 15 алаңынан алуға болады. Алынған монеталарды конвент тауарларына, сарапшылардың жеке шеберлік сабақтарына, танымал отандық брендтердің киімдеріне және басқа да бағалы сыйлықтарға айырбастауға болады.
Айта кетейік, күні бойы Конвент алаңында «ЗНАКОМАТ» челлендждері өтті.
Конвенттің басты іс-шарасы «Акционисттер жарысы» болды. Жаңа Адамдардың 12 бірегей азаматтық науқаны қатысушылардың дауысы мен бас жүлде – өңірлерде жобаларын дамытуға арналған мақсатты грант үшін жарысқан еді. Жарысқа қатысушылардың арасында заңсыз қоқыс алаңдарымен, бұзақылықпен, дүкендерде мерзімі өткен тауардарды сатумен, әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықпен, құмар ойындарға тәуелділікпен, кәмелетке толмағандарға ішімдік сатумен және т.б. күресетін азаматтық науқандар да бар.
Конвент аумағында күні бойы бірегей мазмұнды және танымал спикерлердің қатысуымен дәрістер өткізіледі. Демек, әркім өзіне жақын дүниені таба алады: білім аймағы, ТикТок аймағы, үздіктер, тамақтану, би, streetart, музыка, гик мәдениеті және стиль аймақтары. Спорт сүйер қауымға футбол, күрес, streetball, skateboarding/bmx және workout аймақтары қызық болуы мүмкін. Конвент соңында Ninety One, Dequine, Aikyn, BONAPART және арнайы құпия қонақ өнер көрсететін гала-концерт өтеді.
«Тұтас халық болып бірге болуды үйрену – өнер. Ал бұл факультет әзірге ешбір университетте жоқ. Бүгін біз бірінші кішкентай тапсырманы орындағымыз келеді - бәрін бір-бірімен таныстыру, осылайша сендердің қарым-қатынастарың және достықтарың басталып, жылдар бойы араларыңды бөлетін кез келген қашықтыққа қарамастан сөйлесуге мүмкіндік береді. Ал біздің бүкіл Қазақстанмен кездесулеріміз жыл сайынғы дәстүр болып, жаңа мерекеге айналғанын қалаймыз», дейдіЖаңа Адамдар көшбасшысы Әсел Баденова.