
Отандасымыз Юлия Путинцева үздік отыз теннисшінің қатарына енді. Үлкен дулыға санатына жататын «Уимблдон» додасының төртінші айналымына дейін қарсыластарынан басым түскен Путинцева төрт саты өрлеп, 29-орынға тұрақтады. Ал Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина өз орнында тұр. Лондонда өткен «Уимблдон» сайысының жартылай финалында чех теннисшісі Барбора Крейчиховаға есе жіберген еді.